Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жансақтау бөлімінде жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды

Жарияланған күні:

Асқар Забикулин
Асқар Забикулин. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін, 20 қарашада ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, Асқарды аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек еткен. Асқар Астана қаласында болған өртте адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан- жақты көмек көрсетілетінін мәлім етті.

Асқардың артында әйелі мен екі баласы қалды.

Еске сала кетейік, Асқар Забикулин 16 қараша күні елорда тұрғын үйлерінің бірінде болған өрттен зардап шеккен. Денесінің 80 пайызын күйік шалған науқас бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.

Сондай-ақ бұған дейін Асқар Забикулиннің отбасына елордадан үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілгені туралы хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998058-astanada-zansaqtau-boliminde-zatqan-ort-sondirusi-asqar-zabikulin-qaitys-boldy/