Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өрттен зардап шеккен өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер берілді

Опубликовано:

Асқар Забикулин
Асқар Забикулин. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов Астанадағы өрт кезінде зардап шеккен өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Асқар Забикулиннің жанұясына пәтер демеушілік қаражат есебінен берілген.

Сондай-ақ әкімдік зардап шеккен екінші өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотекасын өтеуге көмек көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиесін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданған.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, бірнеше адам ауруханаға түскен болатын. Олардың арасында отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп, бес адамды құтқарған өрт сөндірушілер де бар.

Кейін өрт сөндірушілердің бірі - Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екені, екінші науқастың жағдайы орташа дәрежеде екені белгілі болды.

17 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Асқар Забикулинді I дәрежелі "Айбын" орденімен, Аян Кемпіровті III дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997864-astanada-ortten-zardap-sekken-ort-sondirusi-asqar-zabikulinnin-otbasyna-us-bolmeli-pater-berildi/

pixel