Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда 100 жасаған әжей сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

Жарияланған күні:

Кулия Усенова
Кулия Усенова. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Сайлау – мемлекет үшін аса маңызды саяси, тарихи оқиға. Бүгін, 20 қараша сайлау учаскесіне халықтың әр санатындағы азаматтар келіп, белсенділік танытуда. Соның бірі – ғасыр жасаған әжей Кулия Усенова.

"Бәрімізге белгілі, сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Сондықтан, бүгін өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең.

Мен биыл Президент сайлауына 7-рет барып, өз дауысымды бердім. Балаларыма да үлгі ететін әдетім осы. Бұл өзіңді азамат ретінде қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біздің болашақ – біздің ұрпақ. Біз оған жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз.

Қазіргі жағдайда елімізде кезектен тыс сайлау өткізудің мәні зор. Бұл саяси бастама еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған нақты қадам.

Өйткені, президент ел дамуының ішкі-сыртқы даму бағдарын айқындап, мемлекетімізді халықаралық аренаға танытып, ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау туралы шешім қабылдайды. Бұл жолғы сайлау еліміздегі ортақ мақсаттың, татулықтың, ауызбіршіліктің, болашаққа деген толық сенімнің көрінісі болады деп сенемін. Сондықтан да ел тағдырын шешетін маңызды саяси науқанға бейжай қарауға болмайды.

Осыған орай мен бүгінгі маңызды науқанға қатысу үшін сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауысымды бердім. Саяси додада ел сеніміне ие болған лайықты үміткер жеңіске жетіп, мемлекетіміздің бұдар арғы дамуына бар күш-жігерін салады деп ойлаймын", - дейді Кулия Усенова.

Салиха Бестерекова
Салиха Бестерекова. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Сайлау учаскесіне келген 90 жастағы әжей Салиха Бестерекова ұрпағымның келешегі үшін таңдау жасағанын айтады. Әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдалану керек дейді.

"Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше өтуде. Сол үшін учаскеге ерте келіп, дауыс бердім. Қазір біз мүлде жаңа кезеңге қадам бастық. Әлемде геосаяси ахуал да ушығып барады. Сондықтан жаңадан сайланған Мемлекет басшысына артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр болмақ. Сайлауға тек науқандық оқиға ретінде ғана қарауға болмайды.

Бұл әрбір азаматтың зор жауапкершілігін талап етеді. Халықтың сеніміне селкеу түспеуі үшін әр партия өздері ұсынған үміткердің сол ұйымның ғана емес, елдің аманатын арқалайтындығын жіті назарда ұстауда. Сайланған азамат қабілет-қарымының жеткенінше жұмыс жасап, елмен бірге қызмет қылғаны дұрыс. Барлық үміткер үлкен қадамға аяқ басқандығын, ел басқару аса ықтияттылықты талап ететіндігін толық ескеріп отыр.

Саяси шара халық билігін жүзеге асырудың төте жолы деп білемін. Бүгін әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасауы ел ертеңі үшін маңызды. Сондықтан да мен өз таңдауымды жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Өзгелерді де осыған шақырамын!", - дейді Салиха Бестерекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998061-tarazda-100-zasagan-azei-sailau-ucaskesine-kelip-dauys-berdi/