Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда көпбалалы аналар отбасымен дауыс берді

Опубликовано:

Сапура Ержанова
Сапура Ержанова. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда ел тарихындағы елеулі оқиғада көпбалалы аналар отбасымен дауыс берді. Болашақ – дені сау ұлт. Ертеңгі күннен зор үміт күткен көп балалы аналар да ана мен бала өміріне айрықша көңіл бөлінеді деп өз дауыстарын берді.

"Мемлекетіміз қай кезде де аналарға құрметпен қарап, қолдауын аяған емес. Соның арқасында бүгінде демографиялық жағдай түзеліп, тұрғындардың саны күн санап артуда. Бұрнағы кезі армандай көрінген медицинамыз да, әлеуметтік сала тынысы да кеңейіп, ана мен бала өмірі мен саулығы үшін барлық жағдай жасалуда. Бұл әрине егемендігіміздің жемісі екені анық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болмаса мұндай күнге жетпесіміз де түсінікті. Енді осы дамудың даңғыл жолына керілген желкенімізді одан әрі баянды ету үшін мықты Президент пен әділетті Қазақстан қажет. Сондықтан елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауын қолдаймын", - дейді көпбалалы ана Сапура Ержанова.

Мадина Жорабаева
Мадина Жорабаева. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

​"Мен бүгін сайлау учаскесіне ұрпағымның келешегі үшін келіп, өз таңдауымды жасадым. Егеменді еліміздің Мемлекет басшысы болып сайланған адам бұған дейінгі жүргізілген сарабдал саясатты жалғайды деп сенемін. Ең бастысы, ана мен бала өміріне айрықша көңіл бөледі деген үміт зор. Біз сияқты көпбалалы аналардың бар тілеуі - осы", - дейді көпбалалы ана Мадина Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998072-tarazda-kopbalaly-analar-otbasymen-dauys-berdi/

pixel