ТЖД алматылықтарға таяу күндері тауға шықпауға кеңес берді
Жарияланған күні:
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына 20-21 қараша аралығында тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылдық ескертуін есепке ала отырып, 20-21 қараша аралығында жауын-шашынның түсуі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлайды", – делінген ТЖД хабарламасында.
Осы орайда ТЖД жеке қауіпсіздікті ойлап, бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырып отыр.
Сонымен қатар ТЖД:
- Егер сіз қазір тауда болсаңыз, абай болып, ауа райының өзгеруін бақылау қажет екенін;
- Егер тау беткейлерінде қардың жылжуын, қар түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн екенін – бұл көшкін жүруі мүмкін екенін білдіретінін;
- Үйге қайтуды кешке қалдырмауды, қайтар жолды таппай қалуыңыз мүмкін екенін;
- Рюкзакта: жылы киімдер, күтпеген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдиша болуы қажет екенін еске салды.
Сондай-ақ ТЖД рюкзакта GPS навигаторларының болуы да артықтық етпейтінін, тауға ешқашан жалғыз баруға болмайтынын атап өтті.
"Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды", - деп қосты ТЖД өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998115-tzd-almatylyqtardy-tayau-kunderi-tauga-sygudan-bas-tartuga-saqyrdy/