jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

ТЖД алматылықтарға таяу күндері тауға шықпауға кеңес берді

Таудағы қар көшкіні
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына 20-21 қараша аралығында тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылдық ескертуін есепке ала отырып, 20-21 қараша аралығында жауын-шашынның түсуі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлайды", – делінген ТЖД хабарламасында.

Осы орайда ТЖД жеке қауіпсіздікті ойлап, бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырып отыр.

Сонымен қатар ТЖД:

  • Егер сіз қазір тауда болсаңыз, абай болып, ауа райының өзгеруін бақылау қажет екенін;
  • Егер тау беткейлерінде қардың жылжуын, қар түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн екенін – бұл көшкін жүруі мүмкін екенін білдіретінін;
  • Үйге қайтуды кешке қалдырмауды, қайтар жолды таппай қалуыңыз мүмкін екенін;
  • Рюкзакта: жылы киімдер, күтпеген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдиша болуы қажет екенін еске салды.

Сондай-ақ ТЖД рюкзакта GPS навигаторларының болуы да артықтық етпейтінін, тауға ешқашан жалғыз баруға болмайтынын атап өтті.

"Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды", - деп қосты ТЖД өкілдері.

ТЖД алматылықтарға таяу күндері тауға шықпауға кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.