Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала жүдеп қалған": Көкшетауда бес жасар баланың ата-анасына қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

бала
Балақай. Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық меди-порталдың жазуынша, 18 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына Астана қаласының 34 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен.

Әйел адам полицияға өзінің туысы, облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны бала тәрбиесімен айналыспайтынын хабарлаған.

Тексеру барысында өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, осы отбасының кенже баласы жүдеген күйде екені расталған. Бала Ақмола облыстық балалар емханасына емдеуге жатқызылған.

Осы факті бойынша Көкшетаудың қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Құзырлы орган қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998239-bala-zudep-qalgan-koksetauda-bes-zasar-balanyn-ata-anasyna-qatysty-tergeu-bastaldy/