Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ерекше жер атауы туралы бейнеролик үшін жолдамалар ұтып ала алады

Жарияланған күні:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Еліміздің байлығы әсем табиғатымен және айрықша көрнекті жерлермен ғана шектелмейді. Қазақстан картасындағы жер атаулары да өзінің айрықша тарихымен немесе аңызымен назар аудартады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жер атауларының шығу тегіне үңіле отырып, Қазақстанды жаңа қырынан тануға болады. Ірі мегаполистің, қашықтағы ауылдың да, ел білмейтін елдімекендердің сырға толы өткені бар.

Туған жер туралы біліміңді арттырып, бұл ақпаратты елге креативті тәсілмен таратуға болады. Ол үшін Қазақстандағы сүйікті жер атауы туралы Reels түсіру қажет. Ал жарияланған бейнеролик үшін қазақстандықтар лүпіл мен қаралым ғана емес, сонымен бірге сыйлықтар да ала алады.

Еуразиялық банк еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай "Қазақстан бойынша 30 секундта" байқауын жария етті. Ең қызық, танымдық және креативті бейнероликтің авторы еліміздің курорттық аймақтарына құны 500 мың теңгелік екі жолдама ұтып алады. Одан бөлек әділқазылардың назарына түскен бейнеролик авторларына шатырлар, ұйықтайтын қаптар, скандинавиялық жүріс және пикникке арналған жиынтық секілді саяхатшыларға арналған заттар түріндегі ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

Байқауға қатысу үшін не істеу керек? Қатысу ережесі оңай және қатысушылардың кез келген идеясы мен мүмкіндігіне шектеу қоймайды. Әдетте Қазақстандағы қалалар, ауылдар, өзендер мен көлдер атауының өзіндік бір мағынасы бар. Кей жерлер әлдебір ақынның құрметіне қойылса, жазушы, саяси қайраткер, осы маңда орын алған тарихи оқиғалар немесе тіпті географиялық ерекшеліктерге сай қойылып жататын жер атауы көп-ақ. Мәселен, Қазақстандағы аса ірі Алматы қаласының атауы алмалармен байланысты екенін жұрт жақсы біледі, бірақ елімізде Петерфильд деп аталатын ауыл бар екенін және ол не үшін бұлай аталғанын білетіндер кемде-кем. Reels-қа арналған ұзақтығы 30-90 секунд болатын бейнероликте қала, ауыл, өзен немесе көл туралы айтып, оның бұлай аталуының сырын баяндап беру керек.

Есіңізде болсын, видео тігінен, Reels форматында, танымал Instagram әлеуметтік желісіне арнап түсірілуі қажет. Видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, байқауға сай "Қазақстан бойынша 30 секундта" тақырыбын және #kz2022eubank хэштегін қою керек. Одан бөлек банктің Instagram желісіндегі @eurasianbank парақшасына тіркеліп, жазба астына аккаунтты белгілеуді ұмытпаңыз. Сонымен бірге банк аккаунтындағы байқау туралы жазба астына үш досыңызды белгілеп кетіңіз.

Байқау 16 қараша күні басталды және 11 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Қатысып үлгеріңіз, бәлкім жеңімпаз боласыз. Жеңімпаз есімі 2022 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында белгілі болады. Әлеуметтік желідегі видеолар көңіл көтеретін ғана емес, танымдық, бастысы еліміздің керемет табиғаты, сәулеті және тарихы туралы болмақ және ол ақпараттар арқылы халық Қазақстанның аймақтары туралы бұрын-соңды естімеген деректермен танысатын болады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен 2020 жылғы 3 ақпанда берілген № 1.2.68/242/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998244-qazaqstandyqtar-erekse-zer-atauy-turaly-beinerolik-usin-zoldamalar-utyp-ala-alady/