Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда алып бала өмірге келді

Опубликовано:

нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облыстық перинаталдық орталығында алып бала дүниеге келді. Салмағы 5 760 грамм сәби - 26 жастағы атыраулық ананың төртінші баласы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ол перинаталдық орталыққа 14 қараша күні портал арқылы түсті. Сәбиін 17 қараша сағат 12:00 шамасында кесарь тілігі арқылы босанды. Осыған дейінгі нәрестелері де 3 900, 4 580, 5 400 граммен туған. Төртіншісі 5 760 гр болып туды. Қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ертең орталықтан үйге шығарылады,- дейді Атырау облыстық перинаталдық ортылғының жоғары дәрежелі неонатолог дәрігері Ажар Омарова.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өмірге келген сәби облыс бойынша биылғы жылы дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады дейді мамандар.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998309-atyrauda-alyp-bala-omirge-keldi/

pixel