jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақмола облысының тұрғыны достарымен балық аулауға барып, көлігінен айырылды

көлік
Көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының тұрғыны достарымен балық аулауға барып, көлігінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 9 қарашада Астрахан АПБ-ға 48 жастағы жергілікті тұрғыннан өзіне тиесілі Mercedes-Benz 201D автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Залал сомасы 3 млн теңгені құраған. Жәбірленушінің айтуынша, ол екі танысымен балық аулауға барған. Діттеген жерге жеткен соң бір досымен көлге қарай бет алған. Ал екінші танысы көлікте қалған.

Қайтып оралғаннан кейін ер адамдар көлікті де, оның ішінде қалған танысын да таппай қалған.

Автокөлікпен бірге жоғалып кеткен ер адам – Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның 33 жастағы тұрғыны.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда полиция осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Ер адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Ақмола облысының тұрғыны достарымен балық аулауға барып, көлігінен айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.