Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, жел, көктайғақ: 22 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 22 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 22 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.

22 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында және Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

22 қарашада Ақтөбе облысының шығысында, батысында көктайғақ болып, солтүстігінде, орталығында таңертең Ақтөбе қаласында тұман түсуі мүмкін.

22 қарашада түнде Қарағанды облысының солтүстігінде де тұман түсіп, өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

22 қарашада кей уақыттарда Астана қаласында, сондай-ақ Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Атырау қаласында тұман күтіледі.

Сонымен қатар 22 қараша Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Желдің күші түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 18-23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 қарашада кей уақытта Алматы қаласында да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

22 қарашада күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсуі мүмкін. Желдің күші облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20, тау асуларында 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

22 қарашада Шымкент және Түркістан қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

22 қарашада Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Желдің күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

22 қарашада түнде Абай облысының да басым бөлігінде қар, облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Желдің күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

22 қарашада Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында (екпіні 15-20 м/с) жел күтіледі.

22 қарашада күндіз Павлодар облысының да солтүстігінде (екпіні 15-20 м/с) жел күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде және Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

22 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып, жел тұруы (екпіні 15-20 м/с) ықтимал.

Сондай-ақ 22 қарашада тәулік бойы, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі.

Бұдан бөлек 22 қарашада тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел тұрып (екпіні 15-20 м/с), 23 қараша түнде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22-23 қарашада түнде және таңертең Тараз қаласында тұман күтіледі. Сонымен бірге 22 қарашада тәулік бойы жел тұрып, 23 қарашада екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998327-tuman-zel-koktaigaq-22-qarasada-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel