Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жігіттің көлік салонынан ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Ер адамның көлікті ашып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Астанадағы көлік тұрағында жасалған ұрлық. Видеодан кадр: Polisia.kz

Астанада ер адамның түнде көлік салонынан ұрлық жасаған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, С-189 көшесіндегі тұрақ периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау камераларына ВАЗ 2114 автокөлігінен жасалған ұрлық сәті түсіп қалған.

Бейнекамерада түнде ер адам автотұрақтың жанынан өтіп бара жатып, көліктердің капоттарын ашуға тырысып жатқанын анық байқауға болады.

Ер адам бірінші көліктің капотын аша алмаған. Содан кейін ол екінші көлікке жақындап, капотын ашып, жүргізуші жағынан есікке жақындап, тұтқаны тартып көрген. Есік құлыпталмаған болып шығады. Ол жылдам салонға кіріп, кілттер жинағын алып шығарады. Ұрлық жасағаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалады.

"Ұрының жүру жолын зерттегеннен кейін Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 21 жастағы автожуу орталығының қызметкерін ұстады. Ол ұрланған құралдарды жұмыста қолданған", – дейді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998346-astanada-zigittin-kolik-salonynan-urlyq-zasagan-sati-kameraga-tusip-qaldy/

pixel