Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аз қамтылған отбасыларға қаржылық көмек көрсетуге арналған цифрлық платформа іске қосылмақ

Опубликовано:

сөмке ұстаған оқушы
Мектеп оқушысы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде аз қамтылған отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсету қағидалары бойынша цифрлық платформаны енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, аталған жобаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тапсырыстарды мектеп формасын сатып алуға бағыттау тапсырмасына сәйкес жүзеге асыру көзделген.

Пилоттық жоба алдымен Астана қаласында жүзеге асырылмақ, кейін еліміздің барлық өңіріне енгізу жоспарлануда.

"Қазіргі уақытта "Әлеуметтік әмиян" платформасы арқылы ата-аналарға белгілі бір дүкендерде мектеп формасын сатып алуға кепілхат беру мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мектеп формасын сату үшін жеңілдікті шарттармен сауда нүктелері ұсынылғаны жөн. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру қажет, басты талаптардың бірі – ұлттық стандарттарға сәйкес өнім өндірісін анықтау", – дейді Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Жоба нәтижесінде бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мектеп формасын шығару бағытындағы отандық өндіріс көлемін арттыруға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998363-az-qamtylgan-otbasylarga-qarzylyq-komek-korsetuge-arnalgan-cifrlyq-platforma-iske-qosylmaq/

pixel