Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ас үйге тұрмыстық техника таңдауда шығынға батпас үшін не істеу керек

Жарияланған күні:

бытовая техника
Фото: depositphoto

Әдетте пәтердегі немесе үйдегі жөндеу жұмыстарын күн жылы уақытта жасайды, жиһаз бен тұрмыстық техниканы да сол кезде үйдің интерьеріне сай етіп бірыңғай стильде жаңалайды. Алайда күз бен қыста да үй ішін жаңарту тиімді екенін жақсы білетіндер жоқ емес, себебі дәл осы кезде материалдардың, қызметтің және тауарлардың құны әлдеқайда төмен болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Негізінде техниканы жөндеу жұмыстары кезінде ғана емес, қолданыстағы тоңазытқыш немесе газ плита ескіріп болмаса істен шыққан кезде де ауыстыруға болады. Ал жаңасын сатып алу кезінде таңдаудан жаңылыспас үшін және үнемдеу мақсатында кей ерекшеліктерді есепке алған жөн.

Ыдыс жуу машинасы, плита, тоңазытқыш немесе тұмшапеш секілді техникаларды таңдаған кезде оның көлеміне ғана емес орналастырылатын орынның ауқымына да мән беріңіз. Бұл сатып алған зат өз орнына сыймай қалмас үшін немесе тым кішірек болып қалмас үшін есте сақтайтын дүние.

Jusan Рассрочка
Фото: Jusan

Кез келген үй ханымы өз үйінде ыдыс жуу машинасының болғанын қалайды – бұл ыңғайлы ғана емес, сонымен бірге уақытты, тіпті ыдыс жууға кететін суды да айтарлықтай үнемдейді. Ыдыс жуғыш машина көп орын алады, алады шағын ас үйге арналған үстел машиналар бар, олар орынды аз алады және өз жұмысын да «беске» атқарады.

Ыдыс жуатын машинаға сиятын ыдыс саны секілді параметрлерге де назар аударған дұрыс.

Тоңазытқыштарға келер болсақ, көп жағдайда оларды ас үй жиһазына кіріктіріп орналастырады. Мұндай тоңазытқыш модельдерінің құны да қымбат келеді. Дегенмен жеке тұратын тоңазытқыштар ақшаңызға үнем ғана емес, ас үйіңіздің көркін де келтіреді. Себебі бүгінде өндірушілер ұсынатын тоңазытқыштардың түсіне де, өлшемі алуан түрлі.

Мұз генераторы бар, есігі жабылмай қалса немесе температура көтеріліп кетсе түсті және дыбыстық дабылы бар және т.б. секілді қосымша функцияларға ие модельдерді таңдауға болады. Бүгінде нарықтағы тоңазытқыштардың құны 55 мың теңгеден басталады. Энергия тұтыну бойынша А және одан да жоғары санатқа жататын тоңазытқыштарды таңдаңыз. Осы арқылы сіз сатып алуда ғана емес, оның қызмет ету уақыты бойынша да айтарлықтай үнемдей аласыз.

Ас үйге қажетті тағы бір техника – плита. Бұл ретте өндірушілердің фантазиясы да сан алуан. Плитаның газ түрі де, электрлі түрі де бар. Тек қана ас пісіру бетін таңдасаңыз да болады, ал егер түрлі тәттілер пісіргенді ұнатсаңыз, тұмшапешсіз болмайды.

Бұл заттардың барлығын жеке-жеке сатып алып, орынды үнемдеуге болады немесе бәрін бірыңғай етіп, үйлестіруге болады. Мәселен, қазіргі таңда тұмшапештердің түрлі функциялары бар. Олардың бағасы да осыған қарай әртүрлі келеді. Алайда 96 мыңнан басталатын қатты қымбат емес тұмшапеште гриль пісіру, камера жарығы, өздігінен өшу және таймер секілді пайдалы қызметтер бар.

Үш немесе төрт тауарды сатып алғанның өзі аз ақша емес, дерсіз сіз. Иә, бірақ бөліп төлеуді дәл осы үшін ойлап тапқан емес пе?!

Мысалы, 14-27 қараша аралығында Jusan Дүкенде кез келген тауарды 24 айға және алғашқы жарнасыз бөліп төлеп алуға мүмкіндік беретін науқан өтуде. Қажетті дүниенің барлығын бір-ақ сатып алып, ақысын екі жыл ішінде асықпай төлей аласыз. Екі жылда бұл тауарлардың бағасы да өзгереді, демек ақша үнемдеу мүмкіндігі жоғары болмақ.

Бұдан бөлек Jusan Дүкеннен тауарл сатып алып, әр саудадан 10%-ға дейін бонус алуға болады. Бұл үнемдеудің тағы бір тәсілі. Себебі осы бонустарды дәл сол дүкенде келесі жолы сауда жасағанда жұмсап, электрі шәйнек, блендер, қысқа толқынды пеш немесе ас үй комбайны секілді шағын тұрмыстық техника сатып ала аласыз.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998468-as-uige-turmystyq-texnika-tandauda-sygynga-batpas-usin-ne-isteu-kerek/