Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

450 млн теңгеге кинофестиваль өткізу туралы сынға Мәдениет және спорт министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Нұрғиса Дәуешов
Нұрғиса Дәуешов. Фото: Мәдениет және спорт министрлігі ресми сайты

Мәдениет және спорт министрлігі 450 млн теңгеге "Еуразия" кинофестивалін өткізу туралы сынға жауап берді. Ведомствоның пікірі ресми сайтында жарияланды.

Елімізде кинофестиваль өткізу үшін 450 млн теңге жұмсалайын деп жатқанын журналист Михаил Казачков байқап, Telegram-арнасында арнайы жазба қалдырған.

"Министрлік тіпті, конкурс та жариялмаған. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізбей-ақ ұйымды таңдап, онымен келісімшартқа отырған. Келісімге спорт саласына жауапты вице-министр қол қойған. Осылайша миллион долларды далаға кетіріп отырмыз. Ал балалардың еміне сіз бен біз ақша жинайтын боламыз", - деп жазды журналист.

Кейінірек ол жазда министрлік іс-шараны ұйымдастыру үшін конкурс өткізгенін нақтылады. Дегенмен журналистің сөзінше, қойылған шарттар жоғары болып, алты мердігер де өтпей қалған. Яғни олар квалификациялық талаптарға сай болмай шыққан.

"Ал қараша айында бірнеше күннің ішінде-ақ миллион долларға лот тендер өткізбей-ақ мердігерге кетті", - дейді Казачков.

Журналистің жазуынша, ақырында фестивальді ұйымдастыруды Мәскеуде тіркелген ресейлік компания жеңіп алған.

Журналистің жазбасына қатысты Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пікір білдірді.

"Қазақстанда "Еуразия" кинофестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі кинофестивальдердің бірі және кино әлеміндегі маңызды әрі ауқымды жоба.

"Еуразия" кинофестивалі Federation Internationale des Associations de Producteurs de Films (FIAPF) аккредитациясына ие.

Биыл мамыр және қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы "Еуразия" халықаралық кинофестивалін ұйымдастыруға және өткізуге ашық конкурс жарияланды. Барлық тиісті рәсім Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта кинофестивальді өткізуге FIAPF ұйымының аккредитациясына ие компаниямен келісімшарт жасалды.

Желтоқсан айында барлық талаптарды сақтай отырып, елімізде "Еуразия" кинофестивалі өтетін болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998548-450-mln-tengege-kinofestival-otkizu-turaly-synga-madeniet-zane-sport-ministrligi-zauap-berdi/

pixel