Қостанайда көліктің капотына кіріп кеткен мысық еріктілерді жеті сағат бойы әуреге салды (фото)
Жарияланған күні:
Қостанайда жануарларды қорғайтын еріктілер ұйымы мысықты құтқаруға көмектескен полицейлерге алғыс айтты. Жоғалған мысықтың хикаясын еріктілер ресми Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Еріктілер қаладағы кафе маңынан аязда тоңып тұрған мысықтарды тауып алған. Олар қорғансыз жануарларды құтқармақ болып, көлікке отырған соң, мысықтардың бірі қашып кеткен.
"Көлікті ашқанда ол дереу жоқ болып кетті. Қашқын мысықты жеті сағаттан соң көліктің капотынан тауып, суретке түсіріп алдық. Ол өте ыңғайсыз жерге отырып алғандықтан, өзіміз шығару мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар департаменті тек адамды құтқаратынын айтып, көмекке келген жоқ.
"СТО-ға" барайық десек, көліктің қозғалтқышына мысық отырып алған соң, машинаны оталдырмадық. Өйткені, үй жануары өртеніп кетуі мүмкін еді. Содан соң полицейлерге хабарластық. Олар дереу көмекке келіп, санаулы минутта мысықты алып шықты. Мысық тырнап, тістеп жатса да, полицейлер жануарды аман алып қалды", - деп жазды еріктілер.
Қазіргі таңда еріктілер мысықтарды асырап алатын адамдарды іздестіру үстінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998589-qostanaida-koliktin-kapotyna-kirip-ketken-mysyq-eriktilerdi-zeti-sagat-boiy-aurege-saldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.