Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс көп, жалақы аз": қызылжарлық кітапханашы министрге шағым айтты

Опубликовано:

кітапхана
Кітапхана. Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке қызылжарлық Айгүл Байтүкина мектеп кітапханашыларының жалақысының аздығын айтып, шағымданды. Маманның айтуынша, алатын еңбекақысы 100 мың теңгеге де жетпейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басылымның хабарлауынша, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке педагогтар қауымы өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтқан. Солардың бірі – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің кітапханашысы Айгүл Байтүкина жалақы мәселесін көтерген.

"Кітапханашы болып еңбек етіп жүргеніме 20 жылға жуықтады. Жалақымыз мардымсыз. Соның салдарынан жазда қаншама маман жұмыстан кетіп қалды. Жүктеме аз емес. Қазір кітаптардың барлығын сандық жүйеге көшіріп жатырмыз. Балалармен де, техникалық базамен де жұмыс істейміз. Бізге "педагог" мәртебесі берілмеген. Біз мектептегі жұмысшылармен бір қатарда тұрмыз. 100 мың теңгеге жетпейтін кіріспен несие төлеп, бала оқытуымыз керек. Оның мүмкін емес екенін бәрі біледі. Сондықтан осы мәселе көп ұзамай шешімін тапса екен", – дейді маман.

Министр бұл мәселені шешуге уәде еткен. Сонымен қатар басылымның хабарлауынша, жиында өңірдегі білім беру саласындағы өзекті проблемалар талқыланған.

"Солтүстік Қазақстанда шағын жинақты мектептер көп. Сондықтан қала мен ауылдағы білім беру ошақтарының арасында алшақтық көп. Бұл – кезек күттірмей шешуді талап ететін проблемалардың бірі", – дейді Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998649-zumys-kop-zalaqy-az-qyzylzarlyq-kitapxanasy-ministrge-sagym-aitty/

pixel