Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балаларға қандай есімдер жиі қойылады

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Фото: pexels.com

Алматыда ата-аналар жаңа туған нәрестеге қандай есімді жиі таңдайтыны анықталды. Әділет департаментінің өкілі Ләззат Сыдықова мегаполисте балаларға араб есімін қою жиілегенін айтты, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау басшысының міндетін атқарушы Ләззат Сыдықованың айтуынша, ата-аналар нәрестесіне араб тілінен аударғанда мағынасы бар есімдерді таңдауға тырысады.

"2022 жылы танымал есімдер негізінен - Абай, Омар, Ислам, Марк, Мұхаммед, Әли, Алан, Хамза. Қыздарға Томирис, Елігай, Зере, Тоғжан, Амелия, Рамина есімдерін жиі қояды. Ал үшемдер арасында Қасым, Жомарт, Кемел атты есімдер де кездесіп жатады", - дейді Ләззат Сыдықова.

Сондай-ақ Ләззат Сыдықова әзірге АХАТ органдарына ата-аналар тарапынан балаларын Сайлау деп атауға өтініш түспегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998686-almatyda-balalarga-qandai-esimder-zii-qoiylady/

pixel