Жетісу облысында он жыл құлдықта болған малшы табылды
Жарияланған күні:
Жетісу облыстық полиция департаменті он жыл бойы шаруа қожалығы иесінің құлдығында болған азаматты іздеп тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ресми Instagram парақшасында мәлімдеді.
22 қарашада әлеуметтік желіде ер адамның бейне хабарламасы шықты, видеода ол соңғы 10 жыл ішінде Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеген. Полицейлер видеоның авторы - Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғынын іздеп тапты.
Ер адамның полицияға айтуынша, оның отбасы мүшелерінің құжатын жұмыс беруші заңсыз иемденген.
"Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни, шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу фактісі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында сондай-ақ өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексерілуде.
Ер адам және оның қызына көмек көрсетілуде. Тергеу барысында ол Талдықорған өңірлік "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері Облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды", - деп хабарлады облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998738-zetisu-oblysynda-on-zyl-quldyqta-bolgan-malsy-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.