Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяуда Абай облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Опубликовано:

Пәтер
Пәтер. Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы желтоқсан айында Абай облысында "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды өңірлік әкімдік Telegram-дағы ресми парақшасында.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бағдарламаның әкімшісі - "Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы" ММ бөлімі. Әкімдік бағдарламаны "Отбасы банк"АҚ бірлесіп жүзеге асырады.

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді.

Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленген. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы еліміздің әр өңірінде қолға алынуда. Жоба бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Қостанай қалалары мен Алматы облысында жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда бұл бағдарлама Атырау облысында да жүзеге асырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998837-abai-oblysyna-zastarga-arnalgan-turgyn-ui-bagdarlamasy-iske-qosylmaq/

pixel