jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректері интернетке тарап кеткен

WhatsАpp қосымшасы
WhatsАpp. Көрнекі фото: Рexels.com

Хакерлер қауымдастығының форумында WhatsApp қолданушыларының 487 миллион телефон нөмірін қамтитын мәліметтер базасын сату туралы хабарландыру пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Cybernews сайтына сілтеме жасап.

Хабарландыру 16 қараша күні жарияланған. Сатушының айтуынша, дерекқорда 84 елдегі WhatsApp қолданушыларының дерегі бар көрінеді. Телефон нөмірлерінің басым бөлігі Египет (45 миллион), Италия (35 миллион), Сауд Арабиясы (29 миллион), Франция (20 миллион) және Түркия (20 миллион) азаматтарына тиесілі. Тізімде қазақстандық қолданушылар да бар, олардың саны 3 миллион 214 мың 990.

Cybernews сұранысы бойынша сатушы 1097 британдық және 817 американдық пайдаланушылардың нөмірлерімен бөліскен. Басылым бұл нөмірлердің шынымен де WhatsApp қолданушылары екенін растады.

Скриншот
Скриншот. Фото: Сybernews.com

"Сатушы дерекқорды қалай алғанын егжей-тегжейлі айтпады, ол деректерді жинау үшін "өз стратегиясын пайдаланғанын" атап өтті және дерекқордағы барлық нөмірлер WhatsApp-тың белсенді пайдаланушыларына тиесілі екеніне сендірді", – деп жазады басылым.

Cybernews олар WhatsApp-тың бас компаниясы Meta-ға хабарласқандарын, бірақ әлі жауап алмағандарын айтты.

БАҚ: қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректері интернетке тарап кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.