Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Қолайсыз ауа райы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазгидромет РМК ресми сайты еліміздің ірі қалаларындағы ауа райының болжамын ұсынды. Оған сәйкес, жұма, 25 қарашада Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталса, елордада қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін жылынады. Қалада желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Ал Астанада қолайсыз ауа райы күтілуде: елордада қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Термометр бағанасы -2 -4 градусты көрсетеді деп болжанады.

Шымкентте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтілуде, қалада бүгін 12-14 градус жылы болады, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998861-qar-aralas-zanbyr-ekpindi-zel-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel