Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Димаш Құдайберген, Роза Рымбаева": Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Кеше салтанатты ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Қазақстан" орталық концерт залының сахнасында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов, Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар өнер көрсетті.

Димаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов. Фото: t.me/bort_01

Сондай-ақ кеште өнер көрсетушілер арасында "Астана балет" театры, "Contrast", "Terra" би ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері бар.

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: t.me/bort_01

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қазақстан Республикасы президентінің ұлықтау рәсімі өтті.

Салтанатты кеш
Салтанатты кеш: t.me/bort_01

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999090-dimas-qudaibergen-roza-rymbaeva-prezident-otandyq-oner-zuldyzdarynyn-koncertin-tamasalady-foto/

pixel