Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жариялады

Опубликовано:

Қар
Қар. Фото: pexels.com

Алматы қаласының әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарына үндеу жолдады. Алматыда кеше қалың қар жауып, көшелерге мұз қатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қалада аздап қар жауды. Қалалық қызмет жоғары деңгейде жұмыс істеді. Көшелер мен аулаларды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжауынша, бүгін ауа температурасы күндіз -4, түнде -13 градус болады. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жол көктайғақ.

Күн райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Ағаштың астына тұрмаңыз, көлік қоймаңыз. Егер көліктің жазғы дөңгелегін ауыстырып үлгермесеңіз, жеке көлікпен жүрмеген жөн", - деп жазды Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімдігі жаяу жүргіншілерді де жолда сақ болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999112-almaty-qalasynyn-akimdigi-qala-turgyndaryna-undeu-zariyalady/

pixel