Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

Опубликовано:

Мархабат Байғұт
Мархабат Байғұт. Фото: egemen.kz

Қазақ жазушысы Мархабат Байғұт өмірден озды. Марқұмды жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook желісінде жеткізді.

"Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға!", - деп жазды ол.

Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған.

Жазушының шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған.

Сонымен қатар қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999183-zazusy-marxabat-baigut-omirden-otti/

pixel