Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 градусқа дейін аяз: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қар басқан ағаш
Қар басқан ағаш. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер 29-30 қараша күндері елдің шығыс аймақтарында суық солтүстік антициклон әсері сақталатынын, аяз жалғасатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әлі де әсер ететіндіктен, ол өңірде аяз сақталады, ал Қазақстанның қалған аумағында аяз бәсеңдейді.

30 қараша – 1 желтоқсанда еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын әкелетін оңтүстік циклон белсенді болады. Соның әсерінен оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарына жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түседі және ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста көктайғақ, ал солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде.

Синоптиктер ұсынған ауа райы болжамына сәйкес, ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, ал республиканың шығысында 33-43 градусқа дейін аяз болады. Кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз сақталады. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999223-43-gradusqa-deiin-ayaz-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel