Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев отырған болуы мүмкін көлік 260 миллион теңгеге сатылымға шығарылды (фото)

Опубликовано:

Mercedes
Mercedes. Фото: kolesa.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырды деген 1993 жылғы Mercedes-Benz S 600 көлігі сатылымға шығарылды. Көліктің 2008 жылы аукционда сатып алынғаны айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған көлікті сату туралы хабарландыру kolesa.kz сайтына салынған. Онда жарнама беруші автокөліктің 2008 жылы аукционда сатып алынғаны және оның нағыз антиквариат, қайланбайтын жалғыз үлгі екенін атап өткен.

хабарландыру
Хабарландыру. Скриншот: kolesa.kz

Басылымның мәліметінше, седан 29 жылда небәрі 37 930 шақырымды ғана жүріп өткен. "Алайда, бұл 600 SEL қазіргі иесі айтқандай, бұрын 01 KZ мемлекеттік нөмірі болған және Нұрсұлтан Назарбаевты алып жүргені әлдеқайда қызықтырақ", – деп жазады басылым.

хабарландыру
Скриншот: kolesa.kz

Сондай-ақ сұр түсті былғары салоны бар көліктің бүйір терезелерінде механикаландырылған перделер бар, алдыңғы және артқы орындықтары жылытылады және басқа да бірқатар артықшылықтарға ие, соның ішінде түпнұсқа Continental броньдалған дөңгелектері бары айтылған.

Mercedes
Mercedes. Фото: kolesa.kz

Дегенмен, автомобиль инвестицияны қажет етеді. Яғни уақыт өте оның терезелерінің жұқарғаны байқалады.

Mercedes
Mercedes. Фото: kolesa.kz

Mercedes
Mercedes. Фото: kolesa.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999280-nazarbaev-otyrgan-kolik-260-million-tengege-satylymga-sygaryldy-foto/

pixel