Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Барлық базарына дейін метро салу үшін қанша жер телімі сатып алынады

Опубликовано:

"Бауыржан Момышұлы" стансасы
"Бауыржан Момышұлы" стансасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы метро стансасын салу мақсатында мемлекет мұқтажына 92 жер телімін иеліктен шығару керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, бүгінгі таңда 24 учаске меншік иесінен сатып алынған.

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен "Метрополитен" ШЖҚ МКК метроның үшінші кешенінің іске қосу құрылысының жаңа жобасын әзірлеген.

Метроның жаңа учаскелері Яссауи көшесінен батыс бағытта Абай даңғылының бойымен "Барлық" базарына дейін созылады деп жоспарланған.

Қазіргі таңда аталған жоба бойынша 60 жер учаскесінде "Мемлекет мұқтажына алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулы қабылданған.

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан республикасы Заңының 67-бабына сәйкес, жеке сектордың жер телімдерін сатып алуға жоспарланған бюджет қаражатының көлемі бағалау нәтижесінде жасалған тәуелсіз бағалаушы компаниялардың есебі негізінде айқындалады", – деп атап өтті ведомстводан.

Алматы әкімдігі 2023 жылы "Қалқаман" жаңа метро стансасын салу және бірнеше көше мен даңғылды ұзарту үшін жер телімдерін сатып алуды аяқтайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999344-almatyda-barlyq-bazaryna-deiin-metro-salu-usin-qansa-zer-telimi-satyp-alynady/

pixel