Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Корея Республикасының аумағында "ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтарына паспорттарды рәсімдеу" бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша "пилоттық жобасы" басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, аталған жоба Қазақстанның Сыртқы және Ішкі істер министрліктерімен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Енді Қазақстанның Пусан қаласындағы бас консулдығына жүгінген қазақстандық азаматтар паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде ала алады.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Оңтүстік Корея (Сеул, Пусан қалалары), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы қалалары), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Түркия (Анкара, Анталья, Ыстанбұл қалалары) Өзбекстан (Ташкент қаласы) мен Жапониядағы (Токио қаласы) шетелдік мекемелерінде жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999414-ontustik-koreyada-zurgen-qazaqstan-azamattaryna-pasport-daiyndau-merzimi-30-kunge-deiin-qysqartyldy/

pixel