Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты істе Мұрат Боранбаев басты фигурант атанды

Опубликовано:

Мұрат Боранбаев
Мұрат Боранбаев: qamqor.gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті 436 миллион теңге қаражатты жымқыру фактісі бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, аталған іс бойынша AlanParking ЖШС директоры М. Базарбаев пен "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М. Принбеков күдікке ілінген болатын.

"ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты жымқыру фактісі бойынша AlanParking ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, қылмыстық істің басты фигуранты және қылмысты ұйымдастырды деген күдікті Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС-нің 70 пайыз үлесін және AlanParking ЖШС-нің 100 пайыз үлесін қайтару бойынша шаралар қабылдағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999419-almatydagy-aqyly-turaqtarga-qatysty-iste-murat-boranbaev-basty-figurant-atandy/

pixel