Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаға 105 адам жүгінген": Таразда көктайғақ салдарынан жарақат алған адамдар саны күрт өсті

Опубликовано:

мұз
Мұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Таразда көктайғақ салдарынан құлап, жарақат алған адамдар саны күрт өсті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, бүгін қалалық аурухананың жарақат бөлімшесіне түске дейін 105 адам жүгінген.

Дәрігерлердің айтуынша, мұзға тайып құлап, жараланғандар арасында егде жастағылар көп. Сондықтан олар қолайсыз ауа райында қажеттілік болмаса үйде отыру керектігін айтады.

"Ауыр науқастар да бар. Аяқ, жамбас сүйектері, қолы сынған. 6 адамдай жарақат бөліміне жатқызылды. Әріптестерімізге өте көп салмақ түсіп жатыр. 2-3 дәрігер болып істеп жатырмыз", - дейді травматолог Нұржан Әбдірайымов.

Телеарнаның хабарлауынша, 28 қарашада Таразда түнде басталған қар аралас жаңбырдан соң, қала көшелері көк мұзға айналған. Осыған байланысты коммуналдық кәсіпорындардың 16 арнайы техникасы мен 185 жұмысшы көшелерді тазалауға кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999448-auruxanaga-105-adam-zugingen-tarazda-koktaigaq-saldarynan-zaraqat-algan-adamdar-sany-kurt-osti/

pixel