Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ мен ҰҚК Өзбекстанмен шекарада ауқымды операция өткізді (фото)

Опубликовано:

арнайы операция
Арнайы операция. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысында контрабандамен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының "Қазығұрт" кеден бекетінде қылмыстық қызметін жүзеге асырған топты ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізген.

"Аталған адамдар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжаттар бойынша заңсыз әкелуді жүйелі негізде жүзеге асырған.

Тасымалданатын жүкке байланысты бір жүк көлігінің кедергісіз кіруі мен шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен", - дейді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар ведомство ұсталған тұлғалар көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсетті деген күдікке ілінгенін атап өтті.

Министрлік жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтағанын жеткізді.

Сондай-ақ бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемде ақша, атыс және суық қарудың түрлері, есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленген.

ІІМ қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын бекіту мәселесі қарастырылуда екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999504-iim-men-uqk-ozbekstanmen-sekarada-auqymdy-operaciya-otkizdi-foto/

pixel