Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саяси деңгейде талқыланбайды": СІМ Әблязовті Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Мұхтар Әблязов
Мұхтар Әблязов. Фото: Facebook/Мұхтар Әблязов

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәжіліс кулуарында Франция мен Қазақстан президенттері Мұхтар Әблязовтің жағдайын талқылады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роман Василенко осы сапар барысында Қазақстан мен Франция арасында бірқатар экономикалық келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді.

"Әблязов мырзаға келсек, бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа мен АҚШ-та сот билігінің, құқық қорғау органдарының ерекше құзырында", — дейді ол.

Ол Әблязовты Қазақстандағы қылмысы үшін сот 20 жылға соттағанын еске салды.

"Сонымен қатар ол БТА банкінен 4 миллиардқа жуық ақша ұрлағаны үшін Лондонның жоғарғы соты тарапынан айыпты деп танылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта АҚШ пен Ұлыбританияда, Францияда оған қатысты басқа да процестер жүріп жатыр. Бұл процеске Қазақстан тарапынан БТА банкі, Алматы қаласының әкімдігі және Әділет министрлігі қатысты", — дейді вице-министр.

БАҚ өкілдері Мұхтар Әблязовті Қазақстанға экстрадициялау туралы шешімнің бар-жоғын сұрады.

"Қазір Қазақстан мен Франция арасында экстрадициялау туралы келісім жасалған жоқ. Бұл мәселе француз тарапымен бұдан әрі талқыланады. Бірақ менің білуімше, Әблязовқа қатысты сот процестері қазір Францияның өзінде өтіп жатыр", — деп түйіндеді сөзін Роман Василенко.

Еске салайық, тамыз айында Франциядағы босқындар ісі бойынша сот Мұхтар Әблязовті алаяқтық жасады деген айыппен Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Шамамен бір ай бұрын АҚШ-тағы Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша аудандық соты Әблязов ісі бойынша соңғы шешім шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999572-sayasi-dengeide-talqylanbaidy-sim-ablyazovti-qazaqstanga-ekstradiciyalau-turaly-pikir-bildirdi/

pixel