Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалың қар, боран: қыстың алғашқы күндері елде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар басқан саябақ
Қар басқан саябақ. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер қыстың алғашқы күндері ел аумағында ауа температурасы төмендейтінін айтады. 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын Қазгидромет РМК ұсынды.

Синоптиктердің айтуынша, кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Дегенмен батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклон белсенді болады, соның әсерінен жауын-шашын, көбінесе қар жауады.

1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсан күні атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ, ал шығыс және орталықта – боран болады.

Ауа температурасы түнде:

  • еліміздің батысында 2-16 градус аяздан, 5-18 градус аязға дейін болады;
  • солтүстік-батыста 7-27 градус аяздан 14-30 градус аязға дейін төмен түседі;
  • солтүстік өңірлерде 15-28 градус аяздан 22-32 градус аязға дейін болса;
  • орталықта 5-20 градус аяздан 13-30 градус аяз болады;
  • республиканың шығысында 15-35 градус аяздан 22-37 градус аяз,
  • оңтүстікте 3-12 градус аяздан 8-17 градус аяз,
  • оңтүстік-шығыста 1-20 градус аяздан 8-28 градус аязға дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999591-qalyn-qar-boran-qystyn-algasqy-kunderi-elde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel