Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда ондаған тұрғын үй жылусыз қалды

Опубликовано:

жылыту маусымы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбырының жарылуы салдарынан 13 жеке үй, 33 көпқабатты үй және бір мектеп жылусыз қалды. Бұл туралы қаланың Ахуалдық орталығы Instagram желісінде хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Шевченко көшесі, 116, №5 сорғы станциясы мекенжайы бойынша жылу құбыры жарылған. Құбырдың диаметрі - 159 мм. Сол себепті 13 жеке үй жылусыз қалды.

Сондай-ақ Гагарина көшесі 6 мекенжайында диаметрі – 159 мм құбыр жарылған. Салдарынан 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылған.

Рудный әкімшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында апатты жоюға қатысты мәселе жергілікті атқарушы органның бақылауында екенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта Гагарин көшесіндегі №17 орта мектепті қоса алғанда, барлық үй 2 сағат бойы ыстық су айналымы үшін жылу жүйесіне қосылды. №6 үйден №4 үйге дейін жарылған жерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мектепте ауа температурасы 18-20 градусты көрсетіп тұр, екінші ауысымдағы жоғары сыныптардың сабақтары қысқартылды", - деп түсіндірген жағдайды әкімдік өкілдері.

Кейін ведомство өкілдері "Рудный жылу желілері" ЖШС-нің №4 учаскесінің жұмысшылары Шевченко көшесі, 116 мекенжайындағы диаметрі 159 мм құбыр жөндегенін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Екібастұзда бірнеше күннен бері жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999606-rudnyida-ondagan-turgyn-ui-zane-bir-mektep-zylusyz-qaldy/

pixel