Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында суға батқан көліктен адамдарды құтқарған екі тұрғынға 5 млн теңгеден берілді

Опубликовано:

Оразалы Асылханов
Оразалы Асылханов. Фото: Жеке мұрағаттан

Қарағанды облысында суға батқан көліктен адамдарды құтқарып қалған екі азаматқа 5 млн теңгеден берілді. Бұл туралы өңір әкімінің м.а. Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Президентіміз ұлықтау рәсімінде нағыз қаһармандардың халық арасында екенін айтқан еді. Соның дәлеліндей біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, екі тұрғынның жедел қабылдаған іс-шараларының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеген.

"Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты 5 млн теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапаттауға ұсынатын болады", - дейді облыс әкімінің м.а.

Думан Кәкенов
Думан Кәкенов. Фото: facebook.com/people/Думан-Какенов

Айта кетейік, 28 қарашада Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ. Мұстафин кентінде ішінде жолаушылары бар көлік Нұра өзені арқылы өтпек болған кезде мұз жарылып, суға бата бастаған.

Осы сәтте көлікте әйелімен бірге болған Оразалы Асылханов бірінші өзі көліктен шығып, дереу басқа адамдарды құтқаруға кіріскен. Суға батып бара жатқан көлікті көріп, сол маңда жүрген Думан Кәкенов оларға көмекке келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999642-qaragandy-oblysynda-suga-batqan-kolikten-adamdardy-qutqargan-eki-turgynga-5-mln-tengeden-berildi/

pixel