Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын жол жабылды

Опубликовано:

тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылған.

ТЖД 30 қараша күні жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Осы орайда, құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырды.

"Егер қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылдық ескерту хабарланса, ауа райы жақсы болғанша биік таулы аймақтарға серуенді кейінге қалдырған дұрыс. Егер сіз тауда болсаңыз, абай болу керек және ауа райының өзгеруін бақылап отыру қажет. Тау беткейлерінде қардың ығысуын, қардан түйіршіктерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, қар көшкіні болуы мүмкін екенін көрсетеді", - дейді ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999651-qar-koskininin-zuru-qaupine-bailanysty-symbulaqqa-baratyn-zol-zabyldy/

pixel