Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы күрт төмендейді

Опубликовано:

қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елімізде кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен бірге Қазақстанның орталығында, оңтүстігі және оңтүстік-шығысы оңтүстік циклонның әсерінде болады, салдарынан аталған аймақтарда жауын-шашын, қар жауады деп күтіліп отыр.

1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар жауады деген болжам бар.

Ауа температурасы түнде еліміздің батысында 2-16 аяздан 5-18 аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27 аяздан 14-30 аязғай дейін, солтүстік өңірлерде 15-28 аяздан 22-32 аязға дейін, орталықта 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін, республиканың шығысында 15-35 аяздан 22-37 аязға дейін, оңтүстікте 3-12 аяздан 8-17 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 1-20 аяздан 8-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ синоптиктер 1 желтоқсанға арналған еліміздің ірі қалаларының ауа райына болжам ұсынды.

Бүгін Алматыда қар жауады деп күтілуде, ауа температурасы -1 +1 градусқа дейін болады деп болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін жетеді.

Астанада да бүгін қар жауады деп күтілуде, бірақ елордада күн әлдеқайда суық болады – мұнда термометр бағанасы -15...-17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте де жауын-шашын күтіледі – мұнда да қар жауады, ауа температурасы 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жел 8-13 м/с күшейеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999667-qazaqstannyn-birqatar-aimaqtarynda-aua-temperaturasy-kurt-tomendeidi/

pixel