Екі министрлік үстінен утиль алым мөлшерлемесіне қатысты сотқа шағым түсті
Жарияланған күні:
Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы мүшелері Экология министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылым министрлігі үстінен сотқа шағым түсірген. Одақ өкілдері қолданыстағы утиль алым мөлшерлемесі экономикалық тұрғыдан негізсіз деп есептеп отыр. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.
Сотқа беруші тараптың айтуынша, утиль алымға қатысты жаңа төлем арнайы сараптамасыз бекітілген. Одақ мүшелерінің сөзінше, аталған екі министрлік өкілдері төлемді бекітпестен бұрын алдымен зерттеу жүргізу керек еді дейді.
Сонымен бірге олар әрбір көлік үшін мемлекетке төленетін бір реттік төлемді Қазақстанға техника алып келуге ниеті бар көлік өндірушілер, импортерлер мен жекеменшік тұлғалар төлеуі тиіс деген пікірді алға тартып отыр. Айтуларынша, жеңіл көлік үшін мұндай төлем 1,7 млн теңгеге дейін жетеді.
"Бір рет утилизациялық төлем бекітілді деп, ары қарай ешқандай экономика есепке алынбауы тиіс пе? Жай ғана ақша жинап отыруымыз керек пе сонда? Бізді мұндай шешім ешбір сараптамалық деректерсіз, есепсіз қабылданғаны мазалып отыр. Яғни төлем мөлшерін екі есеге төмендетті, болды. Не себепті екі есеге қысқартылғаны да белгісіз, мысалы неге 10 пайыз, 5 пайыз емес?",-дейді Қазақстанның тәуелсіз бизнесі одағы басшысының орынбасары Шыңғыс Темір.
Бұл ретте одақ өкілдері тәуелсіз реттік іс-әрекет сараптамасы жасалмағандығын айтады. Мәселен соңғы рет мұндай сараптама тек 2019 жылы жасалған. Одан кейін мөлшерлеме өзгерсе де, сараптама нәтижесі өзгермеген.
Десе де аталған зерттеуді министрліктердің нақты қайсысы жүргізетінін шенеуніктердің өздері де анықтай алмаған. Сол себепті аталған мәселе келесі сот тыңдалымына шегерілген.
"Сот сіздерге шағымда көрсетілгендей, құзырлы органдардың қайсысы осы іспен айналысатындығын тексеруді тапсырып отыр, себебі сот дауласатын жер емес. Яғни түрлі ішкі процедуралар, үкімет, түрлі соттан тыс алаңдар бар. Мұндай мәселелердің барлығы сонда шешілуі керек. Осы сұрақты, яғни зерттеуді кім жүргізетінін сотқа дейін анықтауды сұраймыз", - дейді Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айбек Амангельдин.
Айта кетейік, президент өзінің қыркүйек айындағы жолдауында 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік көліктерді алғаш рет тіркеу және утилизация үшін алынатын төлем мөлшері 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс деп айтқан болатын.
Кейін ІІМ аталған көліктерді қалай заңдастыратынын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999678-eki-ministrlik-ustinen-util-alym-molserlemesine-qatysty-sotqa-sagym-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.