Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылған Архимед Мұхамбетов желіде жазба қалдырды

Опубликовано:

Қостанай облысының бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов
Архимед Мұхамбетов. Фото: Іnstagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысының бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында арнай жазба қалдырып, өзіне қолдау көрсеткен өңір тұрғындарына алғысын айтты.

Айта кетейік, бүгін Архимед Мұхамбетов 2015 жылдың қыркүйегінен бері өзі басқарып келген Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.

"Құрметті қостанайлықтар! Бүгін мен Қостанай облысының әкімі қызметін аяқтадым. Осы жылдарда біз көп нәрсені бастан өткердік. Біз халықтың өтініші мен мәселесін шешуге тырыстық. Біздің өңірдің барлық тұрғынына жан-жақты қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарағаны үшін алғысымды және ерекше ризашылығымды білдіремін. Біздің облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал.

Облыс халқына, ардагерлер кеңесіне, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне, мәслихат депутаттарына, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін!

Баршаңызға зор денсаулық пен амандық, сәттілік тілеймін! Қостанай облысы өркендей берсін!", – деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Еске сала кетсек, Қостанай облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999808-qostanai-oblysynyn-akimi-qyzmetinen-bosatylgan-arximed-muxambetov-zelide-zazba-qaldyrdy/

pixel