Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда тағы да су құбырында ірі апат болды (видео)

Опубликовано:

Су құбыры жарылған жер
Су құбыры жарылған жер. Видеодан кадр: Іnstagram.com/ruslan_anbaev

Петропавл қаласында тағы да су құбырында ірі апат болды. 15-ке жуық үй мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды. Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің айтуынша, жол апаты М.Жұмабаев көшесінде болған.

"Мен апат орнындамын. Су құбырын жауып тастаған, мамандар оның себептерін анықтауда. Қазіргі уақытта қаланың басым бөлігінде су құбырының қысымы төмендеді", – деді қала басшысы.

Оның айтуынша, көше аумағындағы 15-ке жуық үйде су өшірілген. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы және ПНТК, "Севказэнерго" АҚ сусыз қалған.

"Қала сусыз қалмайды. Бірер сағаттың ішінде су қысымын кезең-кезеңімен арттырамыз. Апат орнында қалған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су жеткізіледі", – деп сендірді шенеунік.

"Қызылжар су" ЖШС апаттық бригадасы қалыпқа келтіру жұмыстарын бастады.

Еске салайық, қараша айының басында Петропавлда диаметрі 800 миллиметрлік су құбыры зақымданған болатын. Ол Жұмабаев – Абай учаскесінде болған. Сол кезде қала тұрғындары әлеуметтік желіде видеолар жариялап, суық және ыстық судың тоқтап қалғанын айтып шағымданған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999818-petropavlda-tagy-da-su-qubyrynda-iri-apat-boldy-video/

pixel