Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана полициясы Ресей мен Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдікті абайсызда ұстап алды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана полицейлері тексеріс кезінде үш ер адамды байқап қалады, олардың бірі темекіні жерге лақтырып жіберген. Соңғысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, бірақ кейін оның мемлекетаралық іздеуде жүргені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана көшелерінің біріндегі әкімшілік учаскені аралау барысында "Есіл" ауданы ПБ учаскелік инспекторлары көшеде темекі шегіп тұрған үш ер адамды байқайды. Олардың бірі темекіні жерге лақтырып жібереді.

Оның бұл әрекетіне назар аударған учаскелік полиция қызметкерлері оның үстінен қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚБК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Бірақ одан әрі тексеру барысында ұсталған азамат Ресей мен Өзбекстанда халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды.

"Тексеру барысында 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабы 2-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Сондай-ақ "Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің" 104-бабының 1-бөлігінде көзделген "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қылмысын жасағаны үшін", – делінген хабарламада.

Шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999821-astana-policiyasy-resei-men-ozbekstanda-izdeude-zurgen-seteldikti-abaisyzda-ustap-aldy/

pixel