Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда қожайындары уақытша тастап кеткен пәтерлер тоналып жатыр ма: полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Қара қолғап киген ер адам есікті ашуға тырысуда
Қара қолғап киген ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

Әлеуметтік желілерде Екібастұзда қожайындары уақытша тастап кеткен пәтерлер тоналып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Бұл қауесеттерге қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Stopfake.kz бааылымына сілтеме жасап.

Хабарламада Екібастұз жылу электр орталығында болған ірі апат салдарынан кейбір үйлер әлі күнге дейін жылусыз қалып отырғаны атап өтілген. Сондықтан адамдар пәтерлерін уақытша тастап, туыстары мен таныстарына көшіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде ұрылар бос үйлерді тонап жатыр деген қауесет тарай бастады. Алайда Екібастұз қаласының ПБ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазір Екібастұз ПБ-ның 250 қызметкері жұмылдырылған. Бізге павлодарлық 30 қызметкер және алты автокөлік патрулі жіберілді. Олар сол жылусыз, жарықсыз қалған көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді ұрлау, қарақшылық, тонау фактілерінің алдын алу мақсатында 5, 5А және 6 ықшам аудандарында жұмыс істейді, – деді Екібастұз ПБ басшысы Қайыржан Шақарғалиев.

Еске салайық, бұған дейін ЖЭО-ның видеосы да желіде таралып, қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999960-policeiler-ekibastuzdagy-tonau-turaly-qauesetke-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel