Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, 34 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Опубликовано:

Қыс
Аяз. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 3-5 желтоқсан аралығында елімізде қандай ауа райы болатынын айтты. Олардың болжауынша, қазақстандықтарды қар, боран мен қатты аяз күтіп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталып, қар жауады. Ал тек республиканың батысында ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы:

  • батыста – 10–22 градус аяз;
  • оңтүстік-батыста – 3-15 градус аяз,
  • солтүстік-батыста және солтүстікте – 20-30 градус аяз;
  • орталықта – 13-22-ден 20-30 градус аязға дейін төмендейді;
  • елдің шығысында – 25-34 градус аяз;
  • республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – 5-15 градус аяз;
  • таулы аймақтарда – 15-20 градус аяз.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Қыстың алғашқы айында ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999966-demalys-kunderi-qazaqstanda-qar-zauyp-34-gradusqa-deiin-ayaz-bolady-dep-kutilude/

pixel