Астанада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соғылды (видео)
Опубликовано:

Астананың 21 жастағы тұрғыны ВАЗ 2114 маркалы көлік құралын өздігінен жүруді болдырмайтын шараларды қолданбай тастап кеткен. Салдарынан көлік аялдамаға барып соғылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамаға зақым келгенімен, ол жерде адамдар болмаған.
"Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Анықталғандай, жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңайына өзінің көлік құралын қойып, кетіп қалған", - делінді полиция мәлімдемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999986-astanada-zurgizusisi-zoq-kolik-ayaldamaga-soqty-video/