Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Қару-жарақ. Фото: Polisia.kz

Алматы облысында 2 желтоқсан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп, қару-жарақ сақталған орынды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Талғар ауданының аумағында Алмалық ауылына жетпей, жолдың жанынан, бұталардың арасынан қытай жол сөмкесі табылды. Оның ішінен 7,62 мм калибрлі бір аңшылық мылтық, кесілген тегіс ұңғылы қарудың екі данасы, пневматикалық тапанша, оқ-дәрілер және 115 түрлі патрон табылды", - деп хабарлады полиция.

Полиция мәліметінше, аталған факт Талғар ауданының полициясында тіркелген. Осы оқиғаға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999987-almaty-oblysynda-qaru-zaraq-saqtalgan-oryn-tabyldy/

pixel