Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Опубликовано:

Алматылық тұрғыннан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Тәркіленген ақбөкен мүйіздері. Фото: Рolisia.kz

Алматы тұрғынынан Қызыл кітапқа енген ақбөкеннің 500-ге жуық мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының полиция қызметкерлері Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізді. Оған аудан тұрғынының үстінен түскен арыз себеп болған.

ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексеріп, оның растығына көз жеткізді.

"Күдікті 42 жастағы Х.есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша тіркелді", – делінген хабарламада.

Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000007-almaty-turgynynan-500-ge-zuyq-kiik-muiizi-tarkilendi/

pixel