Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бұталарға жасырылған атыс қаруы табылды

Опубликовано:

Алматы облысында табылған бұталарға жасырылған қару
Бұталарға жасырылған қару. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Алматы облысында жасырылған атыс қаруы мен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды POLISIA.KZ сайтының ресми Telegram-арнасы.

"Талғар ауданының аумағында Алмалық ауылына жетпей жолдың жанындағы бұталардың арасынан қытай жол сөмкесі табылды. Оның ішінен 7,62 мм калибрлі бір аңшылық мылтық, кесілген тегіс ұңғылы қарудың екі данасы, пневматикалық тапанша, оқ-дәрілер және 115 түрлі патрон табылды", – дейді полиция қызметкерлері.

Қару-жарақ сақталған орын облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп 2 желтоқсан күні сағат 19:15 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында табылғаны атап өтілген.

Аталған факт Талғар ауданының полициясында тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000025-almaty-oblysynda-butalarga-zasyrylgan-atys-qaruy-tabyldy/

pixel