Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы ТЖ: 19 тұрғын үй жылу жүйесіне бүгін қосылады деп жоспарлануда

Опубликовано:

Екібастұздағы тұрғын үй
Екібастұздағы тұрғын үй. Фото: t.me/KZgovernment

Екібастұзда кеше кешке тағы 9 тұрғын үй жылу жүйесіне қосылды. Жақын арада қалған 19 үйге жылу берілмек. Бұл туралы үкімет пен өңір әкімдігі хабарлады.

"3 желтоқсан күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша тағы 9 үй жылу жүйесіне қосылды. Қалған 19 үйге жақын арада жылу беріледі деп күтілуде. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр", - деп хабарлады үкімет өз Telegram арнасында.

Айта кетейік, күні кеше сағат 12:00-де Екібастұзда 76 үйдің 48-іне жылу берілгені хабарланған болатын. Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук брифинг барысында жылу жүйесіне қосылмаған 19 үй бар екенін растады.

"Қазіргі уақытта бізде 430 мердігер жұмыс істеуде. Бұл айтарлықтай жеткілікті. Қалған үйлерді жылу жүйесіне қосу үшін мердігерлермен бірге сантехникалық бригадаларды жұмылдырып жатырмыз. Бүгін түнде немесе ертең максималды түрде қосуға тырысамыз. Бастысы, жылуды ары қарай жүйе арқылы жіберу үшін жертөленің ішіне енгізу", - деген еді кеше Крук.

Сондай-ақ облыс әкімінің міндетін атқарушы екібастұздықтарға үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000042-ekibastuzdagy-tz-19-turgyn-ui-zylu-zuiesine-bugin-qosylady-dep-zosparlanuda/

pixel