Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да қызметкерлеріне екі жыл жалақы төлемеген ЖШС директоры 6 жылға сотталды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сот актілерін орындамады, еңбек заңнамасын бұзды және аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған кәсіпкер 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Айыртау аудандық сотының мәліметінше, сотталушы ЖШС директоры лауазымында жүріп, жарты жыл бойы 6,3 млн астам теңге зейнетақы аударымын аудару туралы сот бұйрығын орындамаған. Сондай-ақ 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың наурыз айына дейін жұмысшылардың еңбекақысын төлемей, ол ақшаны басқа мақсатта жұмсаған.

Бұдан басқа сотталушы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен 2020 жылдың 5 мың тонна астығына форвардтық сатып алу жөнінде келісімге отырған. Оның 250 млн теңгені қайтаратын ойы болмаған, сенімге кіріп, үлкен соманы иемденіп кеткен.

Прокурор кәсіпкердің бар қылмысын есепке алып, оған 10 жылға жаза кесуді сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, соттан ақтауды сұрады.

Алайда оның кінәсі зардап шегушілердің, куәгерлердің көрсетуі мен қылмыстық іс материалдары арқылы толық дәлелденген.

Сот үш бап бойынша айыпталған сотталушының кішкентай баласының бар екенін қылмыстық істі жеңілдететін жағдай деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Бұдан басқа сотталушыға 10 жылға басшы қызметке және қаржылық, коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілік бар лауазымдарға орналасуға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000043-sqo-da-qyzmetkerlerine-eki-zyl-zalaqy-tolemegen-zss-direktory-6-zylga-sottaldy/

pixel